Музейде балаларды қорғау күніне арналып балалар суреттерінің көрмесі ашылды.

 

Шара қонақтарының назарына Стригунова Людмила Матвеевна жетекшілік ететін «Теремок» арт-студиясының суреттер галереясы ұсынылды. Көрмеге қойылған жұмыстардың жанрлары да әртүрлі болды. Балалар қылқаламынан шыққан 40-жуық суреттерде туған жер, көл мен оның тереңдеріндегі тіршілік иелері, табиғат пен жануарлар дүниесі әсем бейнеленген. Шараны жүргізген Рисовашка мен балақан  үй иесі Музейка балалар арасында қызықты сайыстар өткізді. Ал шараның ересек қонақтары балалардың батыл қиялға толы  қылқаламынан шыққан табиғат көріністерін, адамдар бейнесі және басқа да туындыларды қызыға тамашалады.