Саяси қуғын-сүргін күніне орай Балқаш қалалық музейінде 20-31 мамыр аралығында «Тарихқа тағылым, рухқа тағзым» шаралар циклы болып өтті.

 

Шаралардың мақсаты:музей қорындағы тақырыптық материалдарды падалана отырып өткен ғасырдың 30-50 жылдары арасында КСРО-да орын алған саяси қуғын-сүргін мен жаппай аштықтың көлемін анықтап, көрсету арқылы осы оқиғалар тарихына қызығушылық пен эмоционалдық көңіл бөлу сезімін тудыру. Шаралар циклы барысында «Балқашлаг:тарихы пен тағдырлар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен қатар Балқашлаг тарихы мен зұлмат жылдар құрбандарына қойылған қаладағы ескерткіштер жайлы видеролик көрсетілді. Экспозициялық кешенде Карлагтың №20, немесе Бертыслаг, не Балқашлагта жазасын өтеушілердің тіршілігі жайлы – құжаттар, жазасын өтеушілердің жеке заттары, фотоқұжаттар, лагер ғимаратының темір торлы терезесі және т.б. түпнұсқалық құжаттар мен заттай деректер қойылған. Қарлагтың бір бөлімшесі ретінде Балқашлаг 30-жылдардың басында мыс заводының құрылысымен қатар басталды.

      

 Бұдан басқа саяси қуғын-сүргін тақырыбына жазылған кітаптардың да көрмесі жасалды, ал осы тақырыпта деректі зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, өз зерттеулерінің кейіпкерлерімен таныс болған  жергілікті журналистер Т.Т. Григорьеваның «Карта Гулага» жинағы мен К.Ы. Сардарбекованың «58-статья. Зар заман» кітаптарын талқылау болып өтті.  Жалпы, өткізілген шаралар тізбегі №20 Бертыс(Балқашлаг) лагері үлгісінде сталиндік заманның қатігездік, антигуманистік мәнімен толықтай танысуға мүмкіндік берді деп айта аламыз.  20-31  мамыр аралығында саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай,  мұражайда ұйымдастырылған «Балхашлаг-тарих беттері» атты тақырыптық экскурсияга мектеп оқушылары және студенттер  қатысты. Мектеп оқушыларына  90 жылдары лагерь орнында түсірілген видеоролик көрсетіліп, 30-50 жылдары қаламыздың территориясында Карлагтың бір бөлімі №20 БалхашЛаг  деген атпен белгілі болған Сталиндік лагерлердің құрылуы мен ондағы саяси жағдай туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар 1945 жылы құрылған №37 жапон және басқа ұлт әскери тұтқындары қамалған  лагерь бөлімшесі туралы айтылды. Мақсаты: өткенді ұмытпай, оның ащщы зардаптарынан сабақ алу,  әділетсіздікке қарсы тұруға, бейбіт өмірдің салмағын сезініп, дәріптеу.