Халақаралық музейлер кеңесінің ХІІ асссамблеясының шешімімен, 1977 жылдың 18 мамыр айынан бастап, дүние жүзінде жыл сайын  музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді және осы жылдан бастап «Музейдегі түн» шарасы тұрақты өткізіліп келеді.

 

Мерекелік күннің алдында -  2019 жылдың 17 мамырында Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Мен сізді музейге шақырамын ... » мерекелік шарасы болып өтті. Музей қонақтарын, музейдің әлемдік деңгейдегі мерекелік шараларға қосылуының символы ретінде  үлкен жүрек кейпіндегі мамық ойыншық қарсы алды.  Шара мектеп оқушыларының орындауындағы «Рухани қазына» және «Мәңгілік ел» әндерімен ашылды. Шара ұйымдастырылуына орай бірнеше күн бұрын «Көненің көзін музейге тапсыр» ациясы жарияланған болатын. Осы акция бойынша қалалықтар муей қорын жаңа экспонаттармен біршама толықтырып тастады.

   

Шара этнография залында ұлттық киім киген студенттердің музей коллекциясындағы әшекей заттарды пайдалана отырып ұйымдастырған дефилесімен жалғасты.  Бұдан басқа, жүргізушінің суреттеуі бойынша жасырылған затты табу көзделген «Сандық сыры» викториналық ойыны өткізілді.

     

Қонақтар археология залында көне замандардағы өркениет өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды. Залда қонақтарды андрон кезеңінің әйелі қарсы алып өз өмір дағдысымен таныстырса,  тас ғасырының адамдары өз күркелерінің жанында «Неандартальецтің таңғы асы» мәзірі бойынша тас пышақтармен  салаттар дайындауды үйретті. Осы жерде ежелгі заманның ұстасы қанжар мен жебе ұшын құюдың шеберлік сабағын көрсетті. 

          

Келесі «Келушілердің экспозиция құру тәжірибесі» ойны бойынша, қонақтар өздерінің берілген экспонаттар бойынша тақырыптық экспозициялар құру шамаларын көрсетті.      

  

Саяхат «DANA DAR» желілік кестелеу студиясы шеберлерінің туындылары қойылған табиғат залында аяқталды. Шар өзінің алға қойған танымдық-тәрбиелік мағынадағы мақсатына қол жеткізіп, оған қатысушылар арасында үлкен жағымды резонанс тудырды деп айта аламыз.