2019 жылдың 25 сәуірінде музейде Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның 115-жылдығының аясында «Ғасырлар тұңғиығында» өлкетану сабағы ұйымдастырылды. Әлкей Хақанұлының әсресе, қазақ халқының мыңдаған жылдар қойнауында жасырынып жатқан ежелгі тарихын жарыққа шығарудағы еңбегі орасан, ол отандық археологияның - көне тарих көмбесін ақтаратын ғылымның негізін қалаушы, әрі тұңғыш қазақстандық ұлттық археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы болды.
Оның ұлттық тарихтың сан қырларына арналып, тас дәуірінен бастап, этнографиялық кезеңге дейінгі кең хронологиялық диапазонды қамтитын 300-ден аса ғылыми еңбектерінің ғылыми құндылығы мен сонылығы ұлттық тарихнаманың алтын қорында мәңгі сақталмақ, әрі оның туған халқына қызмет етуге ғана бағытталған өмірлік үлгісі бүгінгі ұрпақ алдындағы жол сілтер шамшырақ тәрізді болуға тиісті. Бұл еңбектер отанымыздың басқа да ұлы зиялыларының жетістіктерімен бірге дүние жүзінің мәдениет қазынасында қазақ халқының өзіне тән мәдениетін әлемнің өркениет қорынан көрсете алады. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан ілгелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады. Балқаш музейінің ғылыми қызметкерлері келушілерге академик Ә. Х. Марғұланның жеке заттарынан тұратын бірегей экспозиция туралы мақтанышпен айтады. Мұражай қорының мақтанышы ретінде ғалымның өмірі мен қызметі туралы баяндайтын жеке құжаттардың, заттай материалдардың топтамасын (костюм, үстел жиыны, бейнекамера және т.б.) келушілердің назарына ұсынады. Іс шараға қатысқан мектеп оқушылары соңындағы пікірлері де осы арнада тоғысты.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/400-asyrlar-t-iy-ynda.html#sigFreeIdd2cf228eba