11- наурызда қалалық музейде  «Зергерлік әшекей бұымдар сыры» тақырыбындағы кезекті өлкетану сабағы болып өтті. Сабаққа қатысқан Ә.Бөкейханов атындағы №15 лицейдің 6-сынып оқушылары әртүрлі елдер мен Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихымен танысты. Сабақ барысында оның алдына қойылған  оқушыларды зергерлік өнерінің тарихымен таныстырып қана отырып, олардың бойында әсемдікті бағалай білу арқылы  эстетикалық талғамын көтеру мақсатына толық қол жеткізілді  деп айтуға болады. Оқушылар арнайы көрме мен интерактивті материалдар арқылы зергерлердің құралдарымен, құю, шекмелеу, жылтырату,дәнекерлеу, қырлау сияқты жұмыс әдістерімен де танысты.