4-наурызда қалалық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ зергерлік өнерінің сыры» көрмесі ашылды. Қазақ даласында зергерлік өнер көне замандардан бастап қолөнердің басты салаларының бірі болып қалыптасты. Нақ осы зергерелік туындыларда қазақ халқының өмірі мен сұлулықты бағалаудағы идеалы, материалдық және мәдени құндылықтар бағалаудағы эстетикалық талғамы көрініс табады. Көрмеге қойылған әшекей бұйымдардың барлығы тамыры тереңде жатқан қазақ ұлттық мәдениетінің тарихынан сыр шертеді. Шараға №17 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары қатысты.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/466-sostoyalos-otkrytie-vystavki-tajny-yuvelirnogo-iskusstvo-kazakhov-2.html#sigFreeIdf5439d1791