Қалалық тарихи –өлкетану музейінде Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы асссамблеясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» көрмесі жасақталды. Көрме экспозициясының негізін – құжаттар мен фототсуреттер, кітаптар, БАҚ материалдары, ұлттық киім үлгілері сияқты барлығы 50-ге жуық музей қорынан алынған экспонаттар құрады. Көрмеде орын алған экспонаттар арқылы ұлтаралық келісім мен мәдени-саяси толеранттылықтың қазақстандық үлгісін көруге болады.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/459-aza-stan-khal-y-asssambleyasyny-25-zhyldy-yna-arnal-an-aza-stan-bizdi-orta-jimiz-k-rmesi-zhasa-taldy.html#sigFreeId759bb73c59