26-ақпанда қалалық музейдің этнография залында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Көненің көзі» квест - ойыны болып өтті.

Шараның бастапқы кезінде оқушылар музей қызметкерінің жетекшісімен музей залдарындағы экспозицияларда көрініс тапқан қала тарихының қызықты беттермен танысты. Осы саяхат барысында көненің көздері жасырылған сандықты «тауып» алады да оның ішіндегі ожау, тері тостаған, зергерлік әшекейлер және басқа да көптеген қазақтардың дәстүрлі тіршілігі тұрмысының заттарымен жете танысып, зерттеуге мүмкіндік алды.