19 ақпанда қалалық музейдің археология залында «Ұлы Даланың 7 кереметі » бағдарламасы аясында «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» конференц - сабағы болып өтті. Шараға қатысқан Балқаш көпсалалы колледжі студенттері әлемдік тарихта металлургия саласының алғашқы отаны болып саналатын Сарыарқа металлургиясының тарихымен танысып, музей қызметкерлерінің ұйымдастырған «ежелгі заман шеберханасында» ежелгі замандардағы қару - жарақ – қанжар, садақтың ұшы, әшекей бұйым, «Алтын адам» киімінің фрагменті – үшбұрышты жапырақшаны еріген қалайдан өздері қалыпқа құйып көрді.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/448-drevnyaya-metallurgiya-velikoj-stepi-2.html#sigFreeId1b00e97f18