07 ақпанда қалалық тарихи-өлкетану музейінің археология залында «Қазақстанның 100 киелі жері: Бектауата» видеолекциясы болып өтті.

Лекция аудиториясын  С. Сейфуллин атындағы  № 7 мектеп – гимназиясының оқушылары мен Балқаш-сервис колледжінің студенттері құрады. Лекцияға қатысқан жасөспірімдер Бектауата шағын тауының алқаптарында Сарыарқаның  тас ғасырынан бастап, ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықтағы тарихын айғақтайтын археологиялық ескерткіштердің орналасқанын және олардың негізінде Бектауата табиғи-тарихи-мәдени ландшафты туристік базасын жасауға болатынын біліп, музей қызметкерлері жасаған  «Бектауата табиғи-тарихи туризм орталығы» тақырыбындағы  туризмді дамыту жобасының интерактивті  презентациясымен танысты.

 

.