06-ақпанда қалалық тарихи-өлкетану музейінде Балқаш қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі, «Балқаш қаласының құрметті азаматы» Л.Я. Петровтың туғанына 110 жыл толуына арналған көрме ашылды.

Л.Я. Петров 1936 жылы Балқаш құрылыс алаңына маман ретінде арнайы жолдамамен келіп,  бар саналы өмірін туған қаласына айналған Балқаштың гүлденуіне арнады. Ол қатардағы техниктен қаланың бас құрылыс мекемесі – «Балқашқұрылыс» трестінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. Көрмеге ардагердің еңбек жолының тарихын куәлейтін ресми құжаттар, марапаттары, фотосуреттер, БАҚ  материалдары және т.б. қойылды. Көрменің ашылуына Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж студенттері қатысты.  

 

 

.