05-ақпанда қалалық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша жоспарланған «Атқа міну мәдениеті» тарих сағаты болып өтті.
Тарих сағатының сабағына қалалық «Зияткер» мектеп - интернаты мен № 2 Абай лицейінің 8-сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар далалық ежелгі тайпалардың жылқы малын қолға үйретіп, оны шаруашылық, әрі соғыс ісінің негізгі құралына айналдыруы халықтар арасындағы мәдени ақпараттар алмасу ісін жаңа деңгейге көтеру болып табылатынына тағы да көз жеткізді. Шараға «Жылқы: далалық көшпелі өркениет тұғыры» интерактивті презентациясы жасалды.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/426-ly-dalany-zheti-yry-2.html#sigFreeIdbc3a62c014