Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, жас ұрпақтың бойында ұлттық сананың маңызды бөлігі ретінде ескерткіштерге қамқорлық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қазақмыс» политехникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Балқаш қаласы тарихының ескерткіштері» тақырыбында қала ескерткіштері мен тарихи орындарына қала көшелеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Балқаш қаласы мен қала шегіне жақын территорияларда республикалық және қалалық маңызы бар 25 тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштері орналасқан. Әр ескерткіштің өзіне ерекше танымдық тарихы бар. Мәселен, «Балқаштүстіметалл» ӨБ өндірістік алаңының кіре берісіне орнатылған 48-80 локомотивімен 1937 жылы Қоңырат кен орнынан кен байыту комбинатына алғашқы мыс кені жеткізілген. Экскурсия маршруты қалалықтардың мақтанышы ленинградтық архитекторлардың жобалауымен салынған орталық көшелерімен өтті. Экскурсия барысында жастар Қараменде би Шақаұлы, М. Қазбекова, Ш.Уәлиханов, В.И. Ленин атындағы көшелер бойындағы кейбір ерекше үйлердің тарихымен, архитектуралық ерекшеліктерімен және осы көшелердегі қала ескерткіштері тізімінде тіркелген М.Хамзин, Қараменде би Шақаұлы, Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, «ҚР Тәуелсіздігіне 10жыл» ескерткіштерін қызықтап, олардың жағдайымен танысты.
http://musey-balkhash.kz/kz/zhanaly-tar/394-bal-ash-alasy-tarikhyny-eskertkishteri.html#sigFreeId0170a7a022