Көрмеге ғарыш әлеміне жол салған адамдар КСРО – ның ғарышкерлері Ю.А.Гагарин, А.А. Леонов, В. Терешковалардың фотосуреттері және  Қазақстанның тұңғыш  ғарышкері,  Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіровтың 1992-2002 ж.ж. Балқаш қаласында іссапардағы фотосуреттері және Балқаш қаласынан шыққан  ұшқыш - ғарышкер Ю.В. Лончаковтың фотосуреті және газет материалдары қойылды.

1961 жылы 12  сәуірде әлемде алғаш рет «Восток» кораблімен адамзат баласы ғарыш әлеміне сапар шекті, ол  Юрий Алексеевич Гагарин болатын. Бұл күн ғарыш әлемінің адамзатқа бағынған күні. Сонымен қатар, көрмеге  адамзаттан бұрын космосқа барған Белка мен Стрелка иттері жайлы «Встреча с первыми космонавтами»,  қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш,  Кеңес Одағының Батыры,  Қазақстан Республикасының  Халық  Қаһарманы,Тоқтар Әубәкіровтың 1992 ж., 2002 ж. Балқаш қаласында іссапардағы фотосуреттері және Балқаш қаласынан шыққан  ұшқыш - ғарышкер 2001 жылы 19 сәуірден 1 мамыр аралығында Индевор STS – 100 шаттле маманы ретінде 11 күн 21 сағат 31 минут 14 секунд ғарышқа сапар шеккен Юрий Валентинович Лончаков фотосуреті және газет материалдары және космос әлемі бейнеленген белгілер мен маркалар, ашық хаттар қойылды. Осы көрменің материалдары және тақырыптық презентациялар арқылы  10 – шы және 16 – шы сәуір аралығында балабақшалар мен мектеп оқушыларына арналған «Ғарыш әлемінің сиқырлары» викторинасы ұйымдастырылды, мұнда балалар «ғарышқа саяхат жасап», жұмбақтарға жауап беріп, ғарыш әлемі жайлы өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, ғарышкерлерімізге арналған өлеңдері мен билерін орындады.  Сонымен қатар, көрме материалдарымен танысуға аэропорт қызметкерлерінің ұжымы да мүмкіндік алды.