Наурыз мейрамының мерекелік шаралары қатарында көл жағлауы алаңында аңшылық және ұлттық ит өсіру өнерін насихаттау мақсатында «Жеті қазына» көрме-сайысы өткізілді. Шараға тазы мен төбет сияқты қазақ халқының шаруашылық-мәдени өмірінде ерекше орын алатын ит тұқымдарын асыраумен айналысатын балқаштықтар ғана қатысты.


Тарихшы, мал дәрігері мен ит асыраумен арнайы айналысатын мамандардан құралған білекті қазылар алқасы иттерді бағалау барысында олардың генеологиялық  тұрғыдан тазалығы, жүгіру-секіру сияқты «жұмыс» жағдайында өздерін көрсетуі сияқты жақтары бойынша әділ бағаларын беріп, жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көрме барасында көптеп жыйылған тамашалаушылар қазақ ұғымындағы иттің «жеті қазынаның» бірі ретіндегі құнды орынға қалай ие болғаны, тазалықты адами өмір сүру принципінің басты орынына қоятын қазақтардың тек алғыр тазы иттерді ғана өз мекені – киіз үйге кіргізуі, ел басына туған жағдайларды күллі ауылды асыруға шамасы жеткен құмай тазы иттер тарихымен танысуға мүмкіндік алды.