Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі «Тарих куәгерлері экспозицияда» айдары бойынша өзінің қорындағы тарихи материалдарды көпшілікке таныстыруды жалғастырады. Бүгінгі «Ваербарсты мысы» тақырыбындағы шығарылымында Балқаш өндірісті алаңының ірі кәсіпорындарының бірі – Балқаш түсті металл өңдеу заводында 1964 жылы ашылып, жалпы КСРО түсті металлургиясының үлкен жетістігі болып саналатын - оттегісіз ваербарс мысын алу цехының тарихымен таныстырады. Ваербарс мысы Балқаш мысты өндіріс алаңының даңқын аспандатып, 1967 жылы Лондондағы түсті металлдар көрмесінде әлемдегі ең сапалы мыс ретінде танылды.