«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК музейдің экскурсия жүргізуші лауазымына конкурс жариялайды.
В-2-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 90912(теңгемен).
Лауазымдық міндеттері: Белгіленген нормаларға сәйкес музей объектілерінде және ашық қор сақтау орындарында, экспозицияларда экскурсия жүргізу. Ғылыми қызметкерлердің берген жаңа материалдарымен нұсқаулықтарына сәйкес экскурсиялық маршруттар мен мәтіндер құрып, экскурсияға өзгертулер мен қосымшалар енгізу. Экскурсияны жүргізу әдістерін жетілдіру бағытында жұмыс істеу. Музей экспозицияларына және тұрақты, уақытша көрмелерге ақпараттық – кітапшалардың мәтіндерін жоспарлау және құрастыру. Музей залдары бойынша және выездные (жолсапарлық) экскурсияларды жүргізу; Оқушылармен жұмысшылар арасында ғылыми – насихаттау және ғылыми – ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрақты түрде ксәіпорындармен, өнеркәсіптермен, оқу орындарымен байланыс жүргізу. Өткізілген кездесу кештері мен экскурсиялар бойынша келісімшарттар мен өтініштердің есебін жүргізу. Музейде және музейден тыс жерлерде ұйымдастырылған мәдени – ағарту іс – шараларын ұйымдастырумен өткізуге қатысады. Экспедицияларға қатысып, музей қорын жинақтау жұмыстарына ат саласыды.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер.Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – жоғары, педагогикалық. Сондай-ақ, экономикалық, заңгерлік немесе гуманитарлық білімі бар тұлғаларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи – мәдени мұраларды пайдалану және қорғау туралы» Заңдарын, музей негізін, музей құндылықтарын есепке алу және сақтау туралы ережелерін, экспонаттарды реставрациялау технологияларын, мұражай жәдігерлерін сақтау және есепке алу негізіндегі отандық және шетелдік музейлердің жұмыс тәжірибелерін, еңбек туралы заңнамаларын, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік ережелерін және басқа да нормативті – құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер.
Конкурс азаматтық қызметкердің лауазымдық бос орнына орналасу ережелері негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куәлігінің көшірмесі; 3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттарының көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіздеме болып табылады. Конкурс қатысушысы өзінің бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне қатысты және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама музейдің веб-сайтында (http://musey-balkhash.kz/ru/) жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (09 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығында) Балқаш қаласы, Уәлиханов к, 12, мекен – жайындағы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-на ұсынылуы керек. Қонкурсқа қатысуға рұқсат алған азаматтар, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан 5 жұмыс күннен кейін, әңгімелесуден өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс, әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтамалық телефондар: (871036)-6-59-70, факс 6-59-70.