ХАБАРЛАНДЫРУ

«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК музейдің бас бухгалтері,

қор сақтаушы бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

А-2-3  санаты  үшін: жоғары кәсіби білім, немесе осы санаттағы нақты

       лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан

кем емес орта кәсіптік білімді кандидатуралар  қарастырылады  А-2-3 санаты: лауазымдық жалақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты  80593тг. - 95192тг. (теңге)  құрайды.  

В-2-4 санаты  үшін: білімі жоғары гуманитарлық, заңгерлік, еңбек өтіліне талап етілмейді. В-2-4 санаты: лауазымдық жалақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты

72858-98749 (теңге) құрайды.

 

«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК (мекен жайы: Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, 100300, Уәлиханов к., 12, анықтама тел. 8-71036-6-59-70) бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

 

  1. Бас бухгалтер - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК,

 А-2-3  санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық  міндеттері:Өз құзыреті шегінде азаматтық қызметі саласында  мемлекеттік саясатты іске асырады.Музейдің  әлеуметтік – экономикалық  дамуы  бойынша  бағдарламалар мен кешенді жоспарлардың, оның ішінде бюджеттік  бағдарламалардың,  дайындауына қатысады. Музейдің  жұмысын  қаржымен қамсыздандырады. Шығын сметаларын, шығындырды қаржыландыру жоспарларын, кезекті қаржы жылына бюджеттік бағдарламалардың  паспорттарын жоспарлап  дайындайды, есепшоттар бойынша ақша қаражаттары қозғалысының  есебін жүргізеді, өткізілетін іс шаралар бойынша ақша қаражат шығысын  мақсатты пайдалануын  жүргізіп бақылайды, «1С» бағдарламасын білуі тиіс,  «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-ның  теңгерімі мен шығын сметаларының орындалуы бойынша  есеп береді.ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес менеджмент жүйесін жұмыс қалпында  сақтайды.

Конкурс  қатысушыларына  қойылатын  талаптар: Білімі – жоғары экономикалық. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық білімі барларға рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік  қызмет туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Заңдарын, Бюджет Кодексін, ҚР Еңбек кодексін білу. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін      қажетті басқа міндетті білімдер. 

2.   Қор сақтаушы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК, В-2-4  санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық  міндеттері: бас қор сақтаушының басшылығымен  қор экспонаттарын дұрыс қалпында сақталуын қамтамасыз етеді, музей қорын ғылыми өндеуіне, олардың ғылыми классификациясын дайындауына, музей заттарын жүйелеуіне қатысады. Музей экспонаттарын есепке алу, сақтау, ғылыми атрибуция сұрақтары бойынша жүйелі түрінде зерттеу жүргізеді. Музей заттарын актілеп жауапты сақталуға қабылдайды, экспонаттарды сақталу орындарына жүйелейді және топографиялық тізімдерін жасайды,  қордың профилактикалық  тексеруін, сақталған эскпонаттардың есебін жүргізіп  бар болуына мерзімді тескеріс өткізеді, қордың дезинфекциясын, кептіру, ауасын тазарту жұмыстарын жүргізеді, ағымды перспективті жоспарлар мен есептерді жасайды. Музей қорына барлық түскен экспонаттарына уақытымен ғылыми инвентаризация жасауын қамтамасыз етеді және  материалдардың алдағы зерттеу жұмыстарын,  музей құндылықтарының тексеріс нәтижелерін белгілеп экспонаттарды консервациялау бойынша журналдарын жүргізеді.Қор сақтау орнының қалпын,  тазалауын қадағалайды, температура - ылғалдық көрсеткіштерінің күнделік журналын жүргізеді, өртке қарсы қауіпсіздік ережерелерін сақталуын бақылайды.Экспозициялардың құрылуына, тұрақты, уақытша және көшірмелі көрмелердің жасақталуына қатысады. Жоспарлы ғылыми – зерттеу, бұқаралық – ағарту жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми –  іздестіру экспедицияларына қатысады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – жоғары гуманитарлық. Орта кәсіптік экономикалық, заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи – мәдени мұраларды пайдалану және қорғау туралы» Заңдарын, музей негізін, музей құндылықтарын есепке алу және сақтау туралы ережелерін, экспонаттарды реставрациялау технологияларын, мұражай жәдігерлерін сақтау және есепке алу негізіндегі отандық және шетелдік музейлердің жұмыс тәжірибелерін, еңбек туралы заңнамаларын, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік ережелерін және басқа да нормативті – құқықтық актілерін білуі тиіс.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін  қажетті басқа міндетті білімдер. 

Конкурс  азаматтық қызметкердің лауазымдық бос орнына орналасу  ережелері негізінде  өткізіледі.

Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген  конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке куәлігінің көшірмесі; 

3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы      құжаттарының көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың  көшірмесі.
 Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын  қайтаруға негіздеме болып табылады. Конкурс қатысушысы өзінің бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне қатысты және кәсіби  қызметін, біліктілігін сипаттайтын  қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттар конкурс өткізу туралы  хабарлама  музейдің веб-сайтында (http://musey-balkhash.kz/ru/) жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (03 қыркүйек пен 18 қыркүйек аралығында) Балқаш қаласы, Уәлиханов к, 12, мекен – жайындағы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-на ұсынылуы  керек. Қонкурсқа  қатысуға рұқсат алған азаматтар, құжаттарды қабылдау  мерзімі  аяқталғаннан 5 жұмыс күннен кейін, әңгімелесуден өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс, әңгімелесу өтетiн жерге келу   және қайту, тұрғын жай жалдау, т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен  жүргiзедi.

Анықтамалық телефондар: (871036)-6-59-70, факс 6-59-70.