«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК музейдің қор сақтаушы лауазымына конкурс жариялайды.
Қор сақтаушы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК, В-2-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 95192 (теңгемен).
Лауазымдық міндеттері: бас қор сақтаушының басшылығымен қор экспонаттарын дұрыс қалпында сақталуын қамтамасыз етеді, музей қорын ғылыми өндеуіне, олардың ғылыми классификациясын дайындауына, музей заттарын жүйелеуіне қатысады. Музей экспонаттарын есепке алу, сақтау, ғылыми атрибуция сұрақтары бойынша жүйелі түрінде зерттеу жүргізеді. Музей заттарын актілеп жауапты сақталуға қабылдайды, экспонаттарды сақталу орындарына жүйелейді және топографиялық тізімдерін жасайды, қордың профилактикалық тексеруін, сақталған эскпонаттардың есебін жүргізіп бар болуына мерзімді тескеріс өткізеді, қордың дезинфекциясын, кептіру, ауасын тазарту жұмыстарын жүргізеді, ағымды перспективті жоспарлар мен есептерді жасайды. Музей қорына барлық түскен экспонаттарына уақытымен ғылыми инвентаризация жасауын қамтамасыз етеді және материалдардың алдағы зерттеу жұмыстарын, музей құндылықтарының тексеріс нәтижелерін белгілеп экспонаттарды консервациялау бойынша журналдарын жүргізеді.Қор сақтау орнының қалпын, тазалауын қадағалайды, температура - ылғалдық көрсеткіштерінің күнделік журналын жүргізеді, өртке қарсы қауіпсіздік ережерелерін сақталуын бақылайды.Экспозициялардың құрылуына, тұрақты, уақытша және көшірмелі көрмелердің жасақталуына қатысады. Жоспарлы ғылыми – зерттеу, бұқаралық – ағарту жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми – іздестіру экспедицияларына қатысады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – жоғары гуманитарлық, педагогикалық. Сондай-ақ, экономикалық, заңгерлік білімі бар тұлғаларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи – мәдени мұраларды пайдалану және қорғау туралы» Заңдарын, музей негізін, музей құндылықтарын есепке алу және сақтау туралы ережелерін, экспонаттарды реставрациялау технологияларын, мұражай жәдігерлерін сақтау және есепке алу негізіндегі отандық және шетелдік музейлердің жұмыс тәжірибелерін, еңбек туралы заңнамаларын, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік ережелерін және басқа да нормативті – құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер.
Конкурс азаматтық қызметкердің лауазымдық бос орнына орналасу ережелері негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куәлігінің көшірмесі; 3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттарының көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіздеме болып табылады. Конкурс қатысушысы өзінің бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне қатысты және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама музейдің веб-сайтында (http://musey-balkhash.kz/ru/) жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (09 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығында) Балқаш қаласы, Уәлиханов к, 12, мекен – жайындағы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-на ұсынылуы керек. Қонкурсқа қатысуға рұқсат алған азаматтар, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан 5 жұмыс күннен кейін, әңгімелесуден өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс, әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтамалық телефондар: (871036)-6-59-70, факс 6-59-70.