ХАБАРЛАНДЫРУ

«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК музейдің шаруашылық бөлімінің

меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:


С-3  санаты  үшін:
жоғары кәсіби білім, немесе жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес орта кәсіптік білімді кандидатуралар  қарастырылады


С-3 санаты: лауазымдық жалақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты 38049 тг. бастап жоғары (теңге) құрайды.  

 

«Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК (мекен жайы: Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, 100300, Уәлиханов к., 12, анықтама тел. 8-71036-6-59-70) музейдің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Музейдің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, С-3 санаты, 1 бірлік.


Лауазымдық  міндеттері:

  • Музейдің қызметіне жарык, су, жылу, өрт қауіпсіздік дабылын, видеожабдықтауын  қамтамасыз ету және мүлік сақтығына  есеп жүргізу.
  • Жылу су жүйесінің,сантехникалық құрылғылардың , және электрожабдықтау жүйелерінің дұрыстығын қадағалайды.
  • Жыл сайынғы мүліктің инвентеризациясын өткізіп,алынған шаруашылық жабдықтары мен заттарының есебін жүргізеді.
  • Мекеменің жөндеуіне қажет заттардың  тізімдемесін жасайды.
  • Суық су,электрожабдықтау  және жылу беретін жүйелерінің көрсетілімдерін жазатын тіркеме журналын бастайды.
  • Қызмет көрсетушілермен келісім шарт жасасып, көрсетіліп отырған қызыметінің актілерімен себінің кызыметін салыстыру.
  • Музейдің ішіндегі тазалыққа және оған тиісті жер аумағының тазалығын ұйымдастырып қадағалайды.
  • Келіп түскен заттарды сәйкес құжаттарымен қабылдау.
  • Жәдігерлердің бұзылуынан және жоғалмауынан сақтау үшін оларды тиісті жерде сақтау.
  • Шаруашылық істерінің орындалуын ұйымдастыруына; Өрт қауіпсіздік күзетіне, дабылына, видеобақылауга; ҚТның орындалуына және сақтағанына жауапты.

Лауазымдық талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарын, еңбек, экономика және қаржы туралы заңнамаларын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау, техникалық және өрт қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін материалдарын, техникалық құралдарды қолдану, өндірістік санитария ережелерін және басқа да нормативті – құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттың лауазымы бойынша функционалдық  міндеттерін  орындау үшін  басқа  да қажетті білімдер. 

 

Конкурс  азаматтық қызметкердің лауазымдық бос орнына орналасу ережелері негізінде өткізіледі.


Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке куәлігінің көшірмесі; 

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттарының көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі.


Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіздеме болып табылады. 

 

Конкурс қатысушысы өзінің бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне қатысты және кәсіби  қызметін, біліктілігін сипаттайтын  қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Құжаттар конкурс өткізу туралы  хабарлама  музейдің веб-сайтында (http://musey-balkhash.kz/ru/) жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (шілденің 20-сы мен тамыздың 3-і аралығында) Балқаш қаласы, Уәлиханов к, 12, мекен – жайындағы - «Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-на ұсынылуы  керек.

 

Қонкурсқа  қатысуға рұқсат алған азаматтар, құжаттарды қабылдау мерзімі  аяқталғаннан, 5 жұмыс күннің ішінде, әңгімелесуден өтеді.


Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс, әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен  жүргiзедi.

 

Анықтамалық телефондар: (871036)-6-59-70, факс 6-59-70.