Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып жасаған «Тәуелсіздіктің жасампаз жылдары» көрмесі алғашқы көрермендерін қабылдады. Көрменің ашылуына №17 мектеп-лицейінің мектеп алды даярлық тобының оқушылары қатысты. Экскурсия барысында оқушылар топтарға бөлініп тақырыптық пазлды жинақтап⠀және тәуелсіздік жылдарындағы қала мен еліміздің тарихы жайлы викторина сұрақтарына жауап беру сайыстарына қатысты.⁣⁣⠀