Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің⠀1986 жылғы 16 желтоқсан көтерілісінің тарихына арналған «Желтоқсан – жүректерді оятқан күн» лекциясына Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің төменгі сынып оқушылары арнайы қатысып, өздерінің⠀жастық деңгейіне сай – Желтоқсан көтерілісінің қаза тапқан⠀батырлары – Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаевтардың өмірбаяндары мен ерліктері жайлы⠀мәліметтер алды. Лекция барысында балалардың жастық деңгейі ескеріліп мәліметтер слайд-суреттер тізбегінің қолдауымен берілді.⠀ ⁣⁣⠀