Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде 1-желтоқсан⠀дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған⠀«ЖИТС – адамзат болашағына қатер» лекциясы болып өтті. Лекция жұмысына қатысқан №16 орта мектебінің 8 – сынып оқушыларына бұл қатерлі аурудың⠀шығу тегі, таралу жолдары мен ауыр әлеуметтік-моральдық салдарлары және⠀ одан сақ болу жолдары туралы мәліметтер берілді.⁣⁣⠀