Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде өндірісті қала Балқаштың аумағындағы үлкенді-кішілі⠀өндіріс ошақтары мен мекемелері үшін қажетті орта буынды мамандар дайындайтын негізгі оқу орны – Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы –техникалық колледжінің 80 жылдығына арналған «Жас мамандар шеберханасы» шағын ғылыми конференциясы болып өтті. Шараның жұмысына қатысқан осы колледждің бір топ студенттер музей аға ғылыми қызметкері Д.А. Қожақов пен⠀колледждің тарих пәнінің⠀оқытушысы⠀ Меруерт Аманбековна Балтабаеваның оқу орнының тарихы жайлы шағынбаяндамаларымен танысып, өз ойларымен бөлісті.⁣⁣