11 қараша күні №3 мектеп-интернатының 2,3 және 4 сынып оқушылары «Туған жер тарихын таны» тақырыбында Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің залдарына арнайы экскурсияға келді. Этнография залындағы⠀қазақтың тұрмыс-салттық бұйымдары мен Жаңа заман залындағы⠀өлкенің индустрияландыру тарихынан мәліметтер беретін фотолар мен заттай деректер балалардың үлкен қызығушылығын тудырды.