Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Әділ⠀заңның әділетті өкілдері» лекциясы болып өтті. Лекцияға лектор ретінде арнайы шақырылған Балқаш қаласының прокуратурасының аға прокуроры Сәпиев Әлімжан Маратұлы мырза шараның аудиториясын құраған «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі ВТиПО -18-09р тобының студенттеріне қаламыздағы құқықтық жағдайдың тұрақты жағдайда болуына жауапты мекеме – қалалық прокуратураның⠀әрқилы жұмыстары жайлы мәліметтерімен бөлісті.⠀Лектордың өз мамандығы бойынша терең білімділігі мен аудиториямен жұмыс істеудегі⠀шеберлігі де бұл шараның⠀табысты болуының басты себебі болғанын айта кетуіміз керек