Қарағанды облыстық білім бөлімінің бастамасымен басталған «Музейге саяхат» апталығының алғашқы⠀- 05 қазан күні «Айгөлек», «Күншуақ» бала бақшаларының мектепалды жастағы топтары⠀мен⠀№8 мектеп-лицейінің дайындық тобының тәрбиленушілері⠀Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің экспозицилық залдарының⠀басты көрермендеріне айналды. Бүлдіршін көремендер дәстүрлі экскрусиямен бірге музей қызметкерлерінің дайындаған – «Кесіндіден сурет құрастыр» ойыны бойынша қиындыларға бөлінген бөліктерден ұлттық киімдерді жинау, «Берекелі алтын күз» ойынында суреттері бойынша жемістер мен көкөністерді түрлеріне қарай топтастыру сияқты деңгейлік-интеллектуалдық және этнография залындағы ұлттық ойындар оның ішінде арқан тартыс сияқты көңілді ойындарына қызыға қатысып, көңілді демалды деп айта аламыз.⁣⁣⠀