Фотосуреттегі тұлғаны анықтай аласызба? Балқаштың денсаулық саласының қалыптасуына атсалысқан тұлғалардың бірі. 1909 жылы Персияда туған, 1914 жылы 5 жасында қуғын көрген армян отбасыларымен бірге Ресейге жер аударады. 1937 жылы, Кеңес үкіметі жаппай «халық жауларын» анықтау науқаны басталған кезде, шетел агенты ретінде тұтқындалады, оған осындай жала жабуға Персияда туғаны негіз болған еді. Сонымен, хирург ретінде үлкен тәжірибесімен, ол 1938 жылы адам төзгісіз жағдайда жұмыс істейтін Соликамск түрмесіне келіп түседі, бір жылдан кейін қылмыс құрамы болмауы себепті босатылады. Одан 15 жылдай Орал, Ставрополь жерлерінде қызмет етеді. Фашистік әскерлер Ставропольға жақындаған кезде, қала басшылары тұрғындарын тағдыр тәлкегіне тастап қашып кетеді, ал оған жарты жылдай фашистердің оккупациялық режимі кезінде дәрігерлік жұмысын атқаруға тура келеді. Кейіннен, осы неміс оккупациясы кезіндегі істеген жұмысы үшін күдіктілер тізіміне ілінеді. Осы уақытта ол, өзінің Бірінші Мәскеу медициналық институтының жас түлегі кезінде қазақстандық денсаулық сақтау министрінің жасаған шақыруын еске алып, Балқаш өңіріне келуге шешім қабылдайды. Ол талантты жаңашыл маман еді. Рационализаторлық және жаңашылдық ісімен де тынбай айналысқан. Оның жетекшілігімен республикада алғаш рет эпидуральды анестезия енгізілді. 20-дан астам рационализаторлық ұсыныстарды тәжірибеге енгізген және екі авторлық куәлікке ие болды. «Қала мен тұлға» рубрикасының кейіпкерін атаңыз. Дұрыс жауаптар әр сәрсенбіде жарияланады.