14.02.2024 жылы Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейінде «Әрқашан шыншыл болу оңай ма?» атты тақырыбында лекция ұйымдастырылды. Дәріс беруші бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық экономикасының және әлуеметтік салаларының дамуына ықпал етіп отырған негізгі проблемасының бірі болғандығы туралы сөз қозғады. Өйткені жемқорлық, қоғамдық індет ретінде, ең алдымен халықтың әл - ауқатына кері әсер етіп экономиканы әлсіретеді. Лекция жұмысына қатысқан №2 Абай атындағы мектеп-лицейінің 8 «В» сынып оқушылары лекторды мұқият тыңдап, көкейде жүрген көптеген сұрақтарды сараға алды, сонымен шараның қызықты өтуіне өздері де үлестерін қосты.