Бүгін музейде «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп» оқушыларының қатысуымен металлург Көшен Бақановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Алтын қолды маман» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорында сақталған фото-документалды материалдар және құрмет громаталары қойылды. Еңбегі сіңген металург К.Бақановтың туған жері және еңбек жолы жайында мәлімет берілді. Балқаш кен металургия комбинатындағы түсті металдар өңдеу заводының вальцовщигі болып ұзақ жылдар бойы мінсіз еңбек жасады.