А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі Балқаш қаласындағы тау-кен, металлургиялық және педагогикалық колледждердің бірігуі нәтижесінде құрылған ең көне оқу орындарының бірі, Балқаш қаласындағы кәсіби білім беру оқу орындарының ішіндегі қара шаңырағы болып саналады. Әуелі 1941 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның Халық комиссариатының түсті металлургия заводының Балқаш түрлі-түсті металды өндіру техникумы болып ашылды. Кейін Балқаш кен металлургия техникумы болып өзгертіледі. Қазақстан Республикасы өкіметінің 1997 жылғы 8 мамырындағы № 814 Қаулысы негізінде жоғарғы және орта оқу орындарының білім беру жүйесі бойынша Балқаш политехникалық колледжі мен Балқаш педагогикалық колледж біріктіріліп – Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы өкіметінің 2005 жылдың 3 наурызындағы № 200 Қаулысына сәйкес Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Әлихан Мусин аты берілді.