Қалалық музейде қазақ халқының тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі, ел тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атауымен белгілі қырғынның басталғанына 300 жыл толуына арналған лекциясы болып өтті. 1723-1727 жылдар арасында болып өткен бұл қанды соғыс кезінде қазақтар жартысына жуық халқынан, Жетісудың шұрайлы жерлерінен, сауда орталығы болған қалаларынан айырылып, мемлекет емес, халық ретінде жойылып кету алдында тұрған еді. Лекцияға қатысқан әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары осы оқиғалармен қатар, оның көпшілікке белгісіз фактілерімен де танысуға мүмкіндік алды.