Бүгін музейде суретші, қазақтың кілем тоқу дәстүрін жалғастырып келе жатқан Қазақстандағы санаулы өнерпаздардың бірі Абеуов Өміркелді Мұхтарұлының туғанына 75 жас толуына арналған «Өнер тіліндегі замана келбеті» көрмесі ұйымдастырылды. Суретші Әбеуовтың ағаш, кілемдер мен панно туындыларынан біздің ұрпақтарымыз қазақ халқының тарихын зерделейтін болады. Өміркелді Әбеуовтың бүкіл шығармашылығы тарихи-әлеуметтік ауқымды мәселелерді шешуге ұмтылу және адамдардың туған жерге, оның тарихына, халқына деген сүйіспеншілігін оятуға бағыталлған. Көрмеге келген музей қонақтарына шебердің еңбек және шығармашылық жолына арналған деректі фильмді ұсынды.