Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілген «Балқаш қаласының ескерткіштері» жаяу экскурсиясына қатысқан қала колледждерінің студенттері Балқаш қаласының көшелерінің көрнекті жерлері мен саябақтарына орналасқан ескерткіштермен танысып қайтты. Студенттер экскурсия барысында қала архитектурасының сәні - М. Хамзин атындағы Металлургтер сарайы мен оның алдына орналасқан қазақ күй өнерінің алыбы М. Хамзиннің, қаланың көркем көшелерінің бірі – Қараменде би көшесінің бойына орналасқан ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қараменде бидің өмірбаяндарымен және ескерткіштерінің тарихымен танысып қайтты.