Саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш Авторы: Ескерткіш Балқаш гранитінен жасалған. Ашылған күні 31 мамыр 1997 жыл. Ескерткіш Ш. Уәлиханов көшесі бойында, әкімшілік ғимаратының алаңына орнатылған. Тұғырында: «Репрессия құрбандарына ескерткіш», «Памяти жертв репрессий» деген жазу бар, тікенек сым, құрбан болған әр ұлттың өкілдерінің бет келбеттері бейнеленген. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын – сүргін және 1932- 33 жылдардағы аштық нәубетінің құрбандарын еске алу күні болып аталып өтіледі. ГУЛАГ лагерлерінде, оның ішінде Қарағанды, Балқаш лагерлерінде мыңдаған кінәсіз адамдар михнат көріп, құрбан болған. Ескерткіш жыл сайын 31 мамыр күні көп ұлтты қала халқының жиналып, саясат пен аштық нәубеті құрбандарының рухына тәу етіп, гүл шоқтарын қоятын қасиетті орынға айналды.