Музейде Отбасы күніне орай әль-Фараби атындағы мектептің ата-аналарымен «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына» тақырыбында қызықты кездесу ұйымдастырылды. Атаулы күннің мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, қоғам назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару. Шараға 5 отбасы -Тургамбековтар, Қадырхановтар, Мусатаевтар, Мұратбай және Саяділ отбасылары қатысты.
Тақырыпты ашу мақсатында әуелі отбасы мүшелері туралы балаларға жұмбақтар жасырылды. Келесі - «Апамның сандығы» деп аталған кезеңде музейдегі құнды жәдігерлер салынған сандықты ашып, қазақ халқының ертеде пайдаланған бұйымдары туралы мағлұматтар берді. Ал «Аялы алақан» ойынында түрлі сұрақтар қойылып, жағдаяттар шешті - ата-аналар балаларының, ал балалар ата-аналарының алдын- ала салған суреттерін танып, тапты. Шараға қатысқан барлық отбасылар алғыс хатпен марапатталды.