Көне түркі жазулары Қазақстан даласын мекендеген ежелгі түркілердің қоғамдық дамудың ең жоғары сатысына көтеріле алғанын көрсететін маңызды дерек көзі болып табылады. Қазақстан халқы тілдері күніне арналып музейде өткізілген «Көне түркі жазуының ескерткіштері» тарих сағатына қатысқан мектеп оқушылары Қазақстан даласындағы жазудың оның ішінде көне түркі жазуының шығу және таралу тарихымен танысты.