Екі адамға арналған, конструкциясы оқушылардың жазуына, оқуына және сурет салуына өте ыңғайлы ағаш партасы және басқа да оқу құралдары, 1940-жылдары жарық көрген бастауыш сынып оқушыларының оқулықтары мен осы 40-жылдардағы балқаштық 1-сынып оқушыларының маржандай тізілген жазуларымен толған жазу және есеп дәптерлері, сия сауыттары мен ағаш сапты қаламұштары қойылған «Мектеп әлеміне саяхат» көрмесі Кеңестік білім беру жүйесінің атмосферасын дәл жаңғыртып көрсетеді.