Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында дамуындағы Ата заңымыздың ролі Конституция күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры - Ата заң» көрмесінде көрініс тапты. Көрмеге Конституцияның әр кезеңдердегі нұсқалар, ол жайлы баспа бетіндегі, зерттеушілік материалдар, ҚР Конституциясының 1995, 1999 жж. басылымдары, фото және ақпараттық материалдар қойылды. Сондай-ақ, экспозиция сөрелерінде ең қымбат қазына - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құруға негіз болған еліміздің басты құқықтық құжатының 1995 жылы 30 тамыздағы жалпыұлттық референдумында қабылдау тарихынан ақпараттар беретін материалдар – тарихи анықтамалық парақшалар, кітаптар, Конституция авторларының суреттері және т.б. материалдар қойылды.