Музейде Семей ядролық сынақ алаңының жабылу күніне арналған «Семей сынақ алаңы – Қазақстанның ядролық қасіреті» лекциясы болып өтті. Лекция барысында лектор мен оны қолдаған музейге келушілерден құралған аудитория мүшелері Семей сынақ алаңының еліміз тарихындағы трагедиялық орны мен оның халықтың талабынан туындаған саяси ерік жігерінің нәтижесінде жабылуының тәуелсіз даму жолына жаңа түскен еліміздің халықаралық аренадағы бейбітшілік сүйгіш имиджін қалыптастыруға ерекше әсер еткенін ортақ пікірде атап өтті.