Бүгін қалаллық музейде өскелең ұрпақты салаутты өмір салтын ұстану негізін насихаттау мақсатында, Спорт күніне орай, «Спорт саңлақтары» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қаламыздағы спорт саласының даму тарихына үлкен үлес қосқан, қала тарихының шежіресінде есімдері қалған, бұрынғы КСРО және Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушылары, әлем чемпиондары және Олимпияда ойындарының жеңімпаздары, М.Хайрутдинов, Валиулин, Ефремениди, Б.Гугенгеймер, Елена Чебукина, Светлана Лихолетова, Василий Жиров, А.Апачинский, Ю.Лебедев, М.Жунусов және т.б. қала спортының негізін қалаушы спортшыларымыздың өмірбаянынан, ерен еңбектерінен ақпарат береді.