Қазақстандағы кәсіби мерекелердің арасында тамыз айының әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Құрылысшылар күні ерекше орын алады. Адамзаттың өркениетті өмірге аяқ баспай тұрған кездің өзінде игерілген тұңғыш мамандық болып табылатын құрылысшылар күніне арналып музейде «Құрылысшының ретроаспаптары» көрмесі жасақталды. Көрмеге кезінде КСРО-дағы көптеген республикаларда ірі өндіріс құрылыстары мен тұрғын үй және барлық әлеуметтік нысандарды салу ісіне атсалысып отырған, өкінішке орай бүгінде қызметін тоқтатқан «Балқашқұрылыс» трестінің музей қорына жинақталған құрылыс аспаптары қойылды.