Музейде есірткіні тарату мен пайдаланудың қоғамға әлеуметтік-рухани-саяси зиянын көрсетуге арналған «Алдамшы елес» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, дерттің алдын алу, сақтану туралы түсіндіруге және салауатты өмір сүруге шақыруға арналған полиграфиялық материалдар қойылды. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, көрменің мазмұндық өзегін «салауатты өмір салтын қалыптастырайық!» ұранының құрауы да талас тудырмайтын заман талабы.