Бүгін қалалық музейде Қаз ССР-нің Жоғарғы кеңесінің депутаты, Құрметті теміржолшы, М.Р.Раисовтың туғанына 110 жыл толуына орай «Темір жол тарихындағы есімдер» көрмесі ұйымдастырылды. М. Раисовтың еңбек жолы қарапайым паровоз жүргізуші қызметінен зауыт партия комитетінің хатшысына дейін көтерілді.1944 жылы Қаз ССР-нің Жоғарғы кеңесі депутаты болып сайланды. Бірнеше мәрте Балқаш қалалық кеңесіне депутаттыққа сайланды. Көрмеде М.Раисовтың өмірбаяны мен еңбек жолынан сыр шертетін материалдар - газет бетіне жарияланған мақалалар, куәлік т.б материалдар қойылды.