Халықаралық ерін далабы күні жыл сайын 29 шілдеде тойланады. Осы күнге орай музейде «1000 далап » көрмесі өтті. Ерін далабы алғаш рет шамамен 5000 жыл бұрын Месопотамияда қолданылған. Ерін бояуы ежелгі Египетте бұрыннан белгілі болған. Онда ол қызыл пигменттен, балауыздан және жануар майынан жасалған. Далаптың танымал болуына атақты актриса Сара Бернхардт ықпал етті. Ол бұл ХІХ ғасырдың ұлы жаңалығын шын мәнінде пұтқа айналдырып, оған «Стило д'Амор» - «Махаббат таяқшасы» деген атау берді. Көрмеге қазырғы бренд «Мэри кей», «Фэберлик», «Эйвон» фирмаларының түрлі түсті далаптары қойылып, музей қызметкерлері көптеген қызықты фактлерге тоқталды.