Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолындағы кескілескен шайқастар мен дипломатиялық тартыстардағы ерен ерлігі мен тапқырлығы үшін «Еңсегей бойлы ер Есім» атанып, Қазақ хандығындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші дәстүрлі жора-жосындарды жүйелеп, реформалау арқылы «Есім ханның ескі жолы» атауымен мемлекеттік құқықтық жүйелер негізін жетілдірген Есім ханның қайтыс болғанына 395 жыл толуына арналған «Есім ханның ескі жолы» лекциясы болып өтті. Лекция аудиториясын Балқаш қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері құрады.