Бүгін музей келушілері алғашқы құрылысшы, Ұлы Отан соғысына қатысқан И.Т. Бредюктың туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрме материалдарымен танысты. 1939 – 1946 жылдары Кеңес Армия қатарында болды. И.Бредюк 265-ші атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград, Екінші және Үшінші Прибалтикалық, сонымен бірге Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысты. Финляндияны, Польшаны неміс басқыншыларынан босатуға ат салысты. Соғыстағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен, I-ші және II-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны босатқаны үшін», «Берлинді алуға қатысқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. И. Бредюк 30 жыл бойы қалалық Кеңесінің депутаты болды, оның ішінде 28 жыл Халық депутаттарының қалалық кеңесінің орындаушы комитетінің мүшесі болды. 1976 жылы Балқаш қаласының құрылысы және оны аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын атқарғаны үшін, оған «КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, КСРО Министрлер Кеңесінің сыйақысына ие болды. 1998 жылы 19 қарашада И.Бредюкке қалалық мәслихаттың шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.