Музеймен қайта жаңғыру » жобасының бүгінгі шығарылымында «Қазақ ырым етеді» қазақтың ырымдары мен тиым сөздері жайлы сөз қозғаймыз. Қазақ халқының ежелден бар болмысымен біте қайнасып келе жатқан ұғымдардың бірі – ырым-тыйымдар. «Жаман ырым етеді, ырымы қырын кетеді» демекші, ырымдаудың да жөні бар екендігін ескерген дұрыс. Сондықтан, кез-келген дүниені жақсылыққа балап, руханиятымыздың бір бөлшегіне айналған ырым-тыйымдарды жөн-жосығымен қолдана білсек қуантарлық дүние.