«Өлкетану оқуының» кезекті «Академик Л.С. Берг. Балқаш көлінің зерттеушісі» шығарылымында Балқаш көлінің пайда болу, әрі оның суының минералдық құрамының әрқилы болу себептерінің сырын ашып, ерте замандарда Каспий, Арал және Балқаш көлдері бір су бассейнін құрады деген гипотезаны жоққа шығарған академик Л.С. Бергтің ғылыми-ізденістік өмірбаяны жайлы қысқаша мағлұматтар беріледі.