05 шілде күні қалалық музейде "Астана тарих толқынында" викторинасы ұйымдастырылды. Іс-шараға келген жазғы мектеп лагерлерінің тәрбиенушілері елорда тарихы бойынша жарыса отырып, «Сөз жұмбақ» атты танымдық – білімділік сайыстарына қатысты. Сонда-ақ, Астана қаласының архитектуралық ерекшеліктерімен көзге түскен ғимараттары мен ескерткіштері, мәдени ошақтары («Бәйтерек», «Хан - шатыр», «Ақ Орда», т.б.) бейнеленген фотосуреттерді тамашалады